Ақмола облысында 25 млн теңгенің жылқысын ұрлаған әкесі мен баласы қамауға алынды

476

Ерейментау ауданында ұрланған 77 жылқының 40-тан астамы иесіне қайтарылды.

Ақмола облысында 25 млн теңгенің жылқысын ұрлаған әкесі мен баласы қамауға алынды Фото: polisia.kz

Степногорскіде полицейлер еркін жайылымнан 77 жылқы ұрлады деген күдікпен екі тұрғынды ұстады. Мал иесіне келтірілген шығын 25 миллион теңгеден асты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жылқылардың жоғалғаны туралы полицияға биыл мамыр айында арыз түскен. Мал Ерейментау ауданына қарасты ауылдардың бірінің аумағында еркін жайылымда жүрген.

Полицейлер осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталған адамдарды тексеріп, ет базарларын және ұрланған малды өткізуі мүмкін басқа да арналарды зерделеген.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде күдіктілердің кім екені анықталды. Олар Степногорскіде тұратын әкесі мен баласы болып шықты.

"Тергеу нұсқасы бойынша, биыл көктемде ер адамдар көлікпен ұрланған малды Ерейментау ауданынан Степногорскіге айдап әкелген. Жылқыларды қала сыртындағы қашаларда ұстап, кейін біртіндеп сатқан", – деп мәлімдеді полиция.

Екі күдікті де қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу