Ақмола облысында 25 мың тонна астық қабылдайтын кешен ашылды

675

Ақмола облысында 25 мың тонна астық қабылдайтын кешен ашылды

ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Ақмола облысының Астархан ауданында астық қабылдау, сақтау және жөнелту пункті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жалтыр ауылында ашылған қазіргі заманға сай жабдықталаған нысанда 25 мың тонна астық пен майлы дақылдарды қабылдап, сақтауға болады. Нысанның құрылысына 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын көкшетаулық мердігер "Эталон-Плюс" ЖШС жүзеге асырған. Нысанның ашылуы 18 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

"ГРОСС НАН"-ның  директоры Мағауия Қанапиннің айтуынша, кешенде аудан орталығы мен жақын маңдағы елді мекендердегі шарушылықтардан бидай мен майлы дақылдар қабылданатын болады. Қабылданған астықты кептіру, сақтау және жөнелту сияқты қызмет түрлері көрсетіледі. "Аграрлы облыс үшін астық сақтау қабылдау орындарының ашылуы ауыл шаруашылығы саласының дамуына септігін тигізетін болады",  - деді Мағауия Қанапин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу