Ақмола облысында 26 мыңға жуық кәсіпкер әйел бар

1605

Ақмола облысында 26 мыңға жуық кәсіпкер әйел бар

Ақмола облысында 26 мыңға жуық әйел бизнес саласында кәсіп ашқан, деп хабарлайды 24.kz.

Кәсіпкер әйелдер көптеген адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Нәзік жандылардың басым бөлігі қызмет көрсету саласын игерген. Көкшетауда өткен іскер әйелдер форумына бизнестегі қыз-келіншектер өздері өндіріп отырған тауарларын алып келді. Ондағы мақсат – өз кәсіптерін көпшілікке таныту. Ал форум барысындағы жиында кәсіпкер әйелдер өнімді өткізу, қаржылық есеп-қисап, дағдарыста әрекет ету жолдары сынды бизнес саласындағы бірқатар мәселені талқылап, олардың шешілу жолдарын қарастырды.

"Бүгінгі форумда серіктестер табамын деп ойлаймын. Серіктестер табуға үмітіміз бар. Алдағы жоспарымыз – балаларға ортопедиялық аяқ киім шығару", - аяқ киім цехының басшысы Лобар Әбдіғаппарова.

"Бизнестегі бірінші проблема – білімнің аздығы. Сол үшін біз алдағы уақытта көптеген тренингтер өткіземіз. Одан кейін кадр мәселесі де бізге қолбайлау болып отыр. Астана іргеде тұрғандықтан, мықты мамандарымыз сол жаққа кетіп қалады. Енді сол кадрларды ұстап қалу жағын қарастырамыз", - дейді облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Көгершін Бексұлтанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу