Ақмола облысында 28 мыңнан аса адам МӘМС жарнасын төлеп жатқан жоқ

812

28 мың адамның жартысына жуығы сақтандырудан бас тартса, қалғандары жалдамалы жұмысшылар мен тіркеуден шығып кеткендер.

Ақмола облысында 28 мыңнан аса адам МӘМС жарнасын төлеп жатқан жоқ

Ақмола облысында 28 мыңнан астам адам міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінде белсенді емес. Яғни мәртебесі анықталып, жүйеге тіркелсе де олар ай сайынғы төлемді уақытында жасап жатқан жоқ. Ал ондай адамдар келесі жылы медициналық көмектен қағылуы мүмкін. Бұл туралы Көкшетауда өткен баспасөз мәслихатында сала мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Айтуларынша, 28 мың адамның жартысына жуығы сақтандырудан бас тартса, қалғандары жалдамалы жұмысшылар мен тіркеуден шығып кеткендер.

Жаңа жүйені енгізудегі тағы бір проблема – кадр тапшылығы. Медицина мекемелерінде қазір 400-ге жуық дәрігер жетіспейді. Бұл да сапалы қызмет көрсетуге қолбайлау болмақ. Ал денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, өңірдегі медицина мекемелерінің барлығы ғаламтормен қамтылған. Әрі медициналық сақтандыру жүйесін толық дайын дейді. Ендігі мақсат – тұрғындардың барлығы осы жүйеге тіркеліп, жарна аударуын қамтамасыз ету. 

 "Қазіргі міндетіміз, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелсе де белсендірілмеген азаматтарды тауып, олармен тиісті жұмыстар жүргізу. Мәселен, біздің облыс елордаға жақын орналасқандықтан, тіркеуі ауылды жерде бола тұра, өздері астанада тұратындар да бар. Міне, олар да біздің аймақтық жүйеден шығып қалады. Алдағы екі жарым айдың ішінде атқаратын осындай ұсақ-түйек жұмыстар бар",– деді МӘМС Ақмола облыстық филиалының директоры Нұрлан Ақылбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу