Ақмола облысының прокуратурасы 3 млрд теңге көлеміндегі фиброцементтік панельдер өндіру кешенінің құрылысын сүйемелдеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ANNC Construction" ЖШС жүзеге асырып жатқан жоба аясында 50 жұмыс орнын құру жоспарланған. Сүйемелдеу барысында өндірістік нысанның электрмен жабдықталмауы инфрақұрылымдық кедергі ретінде анықталған. Осыған байланысты инвестор автономды генератор пайдалануға мәжбүр болған.
Прокуратураның бастамасымен нысанды электрмен жабдықтауға құны 58 млн теңге болатын жоба әзірленіп, мәслихат қажетті қаражатты бөлді.
Алдағы уақытта өндірістік нысанды электр желілеріне қосу жоспарланып отыр.
Жоба мәселе толық шешілгенге дейін облыс прокуратурасының бақылауында болады.