Ақмола облысының Ерейментау ауданында құрғақ шөп пен орман алқаптарында шыққан табиғи өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Торғай ауылдық округіндегі өртті жоюға шамамен 250 адам мен 40 техника, оның ішінде ТЖМ күштері, әскери қызметшілер, еріктілер және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ "Қазавиақұтқару" компаниясының екі тікұшағы тартылды.
Авиация өртті ауыздықтауға айтарлықтай үлес қосты. Тікұшақтардың бірі жалын ошағына 12 тонна су төкті. Соның арқасында өрттің таралу қарқыны төмендетілді.
Өрт 18 сағат ішінде толық сөндірілді. Жалын шамамен 2 980 гектар құрғақ шөп пен 20 гектар орман алқабын шарпыған. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.