Ақмола облысы Төңкеріс станциясында салынып жатқан балабақшаның септигіне үш жасар бала батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 шілдеде сағат 17:00-де Шортанды аудандық полиция бөліміне Төңкеріс станциясында салынып жатқан балабақша аумағында үш жасар баланың септикке батып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түскен.
"Бұл оқыс оқиға бойынша сараптамалар тағайындалды, мән-жайлар анықталып жатыр, тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп қосты облыстық полиция департаменті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу