Ақмола облысында 30 ғана қасқыр қалған

1236

Павлодар облысы бойынша бұл жануардың 194 басы ғана қалыпты. 

Ақмола облысында 30 ғана қасқыр қалған

Қазақстан территориясында қасқыр аулаудың лимиті бекітілді. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Фейсбук парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы жылдың соңына дейін Ақмола, БҚО, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қасқыр атуға тыйым салынды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл өңірлерде аталған дала жыртқышының түрі азайған. Атап айтсақ, Ақмола облысында 30 қасқыр қалса, Павлодар облысы бойынша бұл жануардың 194 басы ғана қалған. Ал өткен жылдың дерегі бойынша жалпы ел аумағында 13 мыңнан аса қасқыр бар.

Ескере кететін жайт, жоғарыда аталып өткен бес өңірде қасқырды тек қана адамға немесе үй жануарларына шабуыл жасағанда, сондай-ақ, ауылды елдімекен территориясында жүрген жағдайда ғана атуға рұқсат етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу