Ақмола облысында 300 автокөлік жолда қалып қойды

965

Ақмола облысының Ерейментау ауданы аумағында "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" автожолында қар құрсауында қалған көліктер мен адамдарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысында 300 автокөлік жолда қалып қойды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екпінді жел мен боранның салдарынан Ерейментау ауданында төтенше жағдай орын алып жатыр. Ақмола және Павлодар облыстарының шекарасында ақтүтек боран болып тұр. Жол қызметтері республикалық маңызы бар автожолды жауып, азаматтарға жолға шықпауды ескертуде.

Алайда азаматтар соған қарамастан жолға шығып, қиындықтарға тап болып жатыр.

"Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" автожолында 300-ге жуық автокөлік тұрып қалды . Жылыту орындарына 45 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Қазіргі кезде көліктерді автоколоннамен елордаға жеткізу мәселесі шешілуде", – деді ведомстводан.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қар алып қалған жолдарды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда, екпінді жел мен бұрқасын жолшылардың жұмысына біраз қиындықтар туғызды.

"ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына ауа райының жайсыздығын ескертіп, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес береді. Жолдардың жабылуы туралы "Дәрмен" қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша біле аласыз", – деп толықтырды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу