Ақмола облысында 332 млн теңгенің жері мемлекетке өтті

341

Прокуратура Ақмола облысындағы Біржан сал ауданында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында 332 млн теңгенің жері мемлекетке өтті Фото: depositphotos

Біржан сал ауданында жайылымдық және егістік жерлердің тапшылығы өзекті мәселелердің бірі.

Осыған байланысты 2025 жылдан бастап Біржан сал ауданының прокуратурасы "Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару" жобасын іске асыруда.

Қадағалау іс-шаралары барысында жер учаскелерін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбай, Жер кодексінің талаптарын бұзған жер пайдаланушылар анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жалпы кадастрлық құны 332,5 млн теңгені құрайтын 23,3 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жергілікті атқарушы органдарға қайтарылған жерлерді адал тұрғындар мен бизнес субъектілеріне беру ұсынылды.

Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды ерікті түрде қайтару жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу