Ақмола облысында өткен жылы 17 млрд теңгенің 4 жарым мыңнан астам жылжымайтын мүлігі заңдастырылыпты, деп жазады 24Хабар.
Олардың ішінде тіпті, аймақ тұрғындарының шетелдердегі жеке тұрғын үйлері де бар. Бұдан бөлек, ақмолалықтар өздерінің қаражаттарын да жария етуде белсенділік танытқан. Айталық, шара басталғалы бері өңірде 10 млрд теңгеден астам қаржы заңдастырылса, 2016 жылдың өзінде 3 млрд теңгеге жуық қаражат арнайы есепшоттарға түсірілген.
"Мүлікті жария ету бойынша Көкшетау және Степногор қалалары көш бастады. Бұл науқанда сондай-ақ, Атбасар, Бурабай және Целиноград аудандарының тұрғындары да белсенділік танытты. Олардың қарқыны әсіресе, желтоқсан айына қарай байқалды.", – деп мәлім етті облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма жетекшісі Назгүл Аюпова.