Ақмола облысында 40 ақбөкен ұшасы тиелген көлік тоқтатылды

382

Көлік "Астана-Қорғалжын" тас жолында тоқтатылған.  

Ақмола облысында 40 ақбөкен ұшасы тиелген көлік тоқтатылды Фото: Ratel.kz

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz 716.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, облыстық ПД 40 ақбөкеннің ұшасын тасымалдау дерегі бойынша тексеру жүргізді.

Шанағы мен салонында жануардың ұшалары бөлінген "Jac" маркалы көлігі биылғы 23 қазанда "Астана-Қорғалжын" тас жолында тоқтатылды. Бастапқы талқылау барысында жүргізушінің ақбөкен етін Сабынды ауылында орналасқан "Астана Агропродукт" ет комбинатынан әкеткені белгілі болды.

"Тасымалдаушылар "Охотзоопром ӨБ" РМҚК мен "Астана Агропродукт" ЖШС арасында жасалған жүкқұжаттардың түпнұсқалары және тауарды өткізу/жеткізу шартының электрондық көшірмесін ұсынды. Бұдан бөлек Ақмола облысының аумағында ақбөкендердің популяциясын реттеу туралы Үкіметтің № 688 қаулысы бар", - деп хабарлады ПД.

Целиноград ауданының полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында ақбөкеннің ұшаларын тасымалдау дерегі тіркелді. Тексеру материалдары әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ветеринариялық инспекцияға жолданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу