Ақмола облысында 40 шақырым жол 97%-ға жөнделді

329

Жөндеу барысында 361 мың шаршы метр жол жамылғысы қалпына келтірілді.  

Ақмола облысында 40 шақырым жол 97%-ға жөнделді Фото: ҚазАвтоЖол телеграм

Ақмола облысында республикалық маңызы бар KAZ03 "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы" автожолының 139-179 шақырымдары аралығындағы орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазір жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстарының 97%-ы орындалды. Жоспарланған 371 мың шаршы метрдің 361 мың шаршы метрінде жөндеу жұмыстары аяқталған.

Жұмыс барысында жол төсемі қалпына келтіріліп, жамылғыдағы ақаулар жойылуда. Сонымен қатар жолдың 4 шақырымына сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату жоспарланған.

Жөндеу жұмыстарына 54 маман мен 31 арнайы техника жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу