Ақмола облысында 5 мыңнан аса отбасы пәтер алады

565

Биыл 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Ақмола облысында 5 мыңнан аса отбасы пәтер алады

Соңғы 3 жылда Ақмола облысында жыл сайын кемінде 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өткен жылы 600 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылып, шамамен 5 мың отбасының тұрғын үй жағдайы жақсартылды. Биыл барлық қаржыландыру көздерінің есебінен шамамен 700 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, яғни 5 мыңнан астам отбасы пәтер алады. Құрылыс қарқыны одан әрі артады", – деді Ермек Маржықпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу