Степногорск қаласының прокуратурасы еңбек заңнамасы саласында талдау жүргізу нәтижесінде жұмыскерлердің құқықтарын қорғап, қалпына келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Степногорск қаласының жергілікті атқарушы органдары Еңбек кодексінің 23-бабын бұза отырып, еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізген жоқ.
"Соның салдарынан жұмыскерлердің жүйеден деректер алу құқықтары бұзылған. ЕШЕБЖ-ның негізгі артықшылықтары келісім-шарттың, жарналардың және қорларға жарналардың болуын көрсету арқылы қағаз құжаттарды жинау және әлеуметтік тәуекелдерден қорғау қажеттілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналастыру процесін жеңілдету, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыскерлер алдындағы міндеттемелерін бекіту", - делінген ақпаратта.
Анықталғандай, 2023-2024 жылдары жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан 627 жұмыскер туралы мәліметтер енгізілмеген. Қадағалау актісі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылып, нәтижесінде 627 адамның құқықтары қорғалды, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.