Ақмола облысында 7 тауарлы-сүт ферма салынып жатыр

196

Жоба келесі жылы пайдалануға беріледі. 

Ақмола облысында 7 тауарлы-сүт ферма салынып жатыр Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Облыста Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін қайталау жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 7 тауарлы-сүт фермасының желісін құру жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде екеуі пайдалануға берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Негізгі жобалардың бірі – Еңбек ауылдық округінде 816 ірі қара малға арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы.

Учаскеде инженерлік желілерді, электрмен жабдықтауды және кәрізді қосу жұмыстары жүргізілді, көң шығарудың заманауи жүйесі енгізілді, өндірістің экологиялық тазалығын жоғары деңгейде қамтамасыз ететін қалдықтарды жоюға арналған биокешен орнатылды.

Биылғы жазда Даниядан 272 бас голштейндік сиырдың бірінші партиясы қабылданды; биылғы жылдың аяғында ірі қараның екінші партиясын әкелу жоспарлануда. Шаруа қожалығының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін неміс өндірушілерінен заманауи құрал-жабдықтар алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу