Ақмола облысының Қызылсуат ауылында газдандыру жұмыстары аяқталып, 730 абонентке табиғи газға қосылуға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жоба аясында 67,3 шақырым газ құбыры тартылып, бір газ реттеу пункті және 8 шкафтық газ реттеу пункті орнатылды. Құрылған инфрақұрылым тұрғын үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне кезең-кезеңімен қосуға мүмкіндік береді.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы елімізде газдандыруға бағытталған 40 жоба іске асырылып жатыр. Оның 7-еуі өткен жылдан ауысқан. Жобалар жүзеге асқаннан кейін тағы 37 мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізеді.
Қазақстанда газдандыру аясын кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. 2035 жылға қарай елдегі газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізу жоспарланған.