Ақмола облысында 78 бүлдіршінге балабақшада азық-түлік өтемақысы төленбеген

359

Салдарынан олардың мектепке дейінгі ұйымдардан тегін тамақ алу құқы бұзылған.  

Ақмола облысында 78 бүлдіршінге балабақшада азық-түлік өтемақысы төленбеген Фото: kids.dostar-school.kz

Ақмола облысы Сандықтау ауданында мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілеріне тиісті өтемақы төленбеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

78 балабақша тәрбиеленушісіне азық-түлік үшін өтемақы төленбеген.

Негізі азаматтардың жекелеген санатына азық-түлік шығындары мемлекет есебінен өтеледі.

"Азаматтардың бұл санаттарына көп балалы отбасылар, атаулыны әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар және халықтың осал топтары жатады. Ал аудандық білім бөлімі көп балалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларды азық-түлікке өтемақы төлеу тізіміне енгізбеген", - деп хабарлады ведомство.

Салдарынан олардың мектепке дейінгі ұйымдардан тегін тамақ алу құқы бұзылған. Прокурорлар араласқан соң балабақшалардағы 78 балаға азық-түлік шығындары өтелді.

Ал, білім бөлімінің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу