Ақмола облысында 8 вагон рельстен шығып аударылып қалды

98

Вагондардың жолдан шығу себептері тексеріліп жатыр.

Ақмола облысында 8 вагон рельстен шығып аударылып қалды Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында 8 вагон рельстен шығып, аударылып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат 6 қараша күні сағат 17:53-те Макинка станциясындағы "Бота 2015" ЖШС-нің кірме жолында болған. Рапс майы тиелген 12 вагон өздігінен жүріп кетіп, оның 8-і аударылған.

Маневрлік жұмыстарға тартылған локомотив жеке компанияға тиесілі, локомотив бригадасы да сол ұйымның қызметкерлері екен.

"Оқиға салдарынан байланыс желісінің құрылғылары зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздардың қозғалысында кідірістер бар", - деп хабарлады компания.

Апаттың салдарын жою және инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-тың апаттық және қалпына келтіру пойыздары жіберілді.

Арада жарты сағат өткеннен кейін ҚТЖ оқиға салдары жедел жойылып, қозғалыс қалпына келтірілгенін хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу