Ақмола облысында 800 мың теңгенің малы ұрланды

226

Астрахан ауданында мал ұрлығына қатысы бар күдікті анықталды.  

Ақмола облысында 800 мың теңгенің малы ұрланды Фото: world-nan.kz

Ақмола облысының Астрахан ауданында полиция қызметкерлері жалпы құны 800 мың теңге болатын үш ірі қара малдың ұрлығын ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Малдың жоғалғаны туралы арыз полицияға тамыз айында түскен. Шаруа малдарының шамамен бір ай бұрын еркін жайылымнан жоғалғанын айтқан.

Полицейлер арыз түскеннен кейін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, малдың жоғалу жағдайларын анықтады. Жергілікті тұрғындардан жауап алып, оқиғаға қатысты болуы мүмкін адамдардың шеңберін тексерді.

Нәтижесінде күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.

Қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырмай, қауіпсіз қоршауда ұстауды және олардың есебін жүргізуді ұсынады. Мал жоғалған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу