Ақмола облысында 9 миллиард теңгеге әлеуметтік нысан салынады

758

Ақмола облысында 9 миллиард теңгеге әлеуметтік нысан салынады

Ақмола өңірінің әкімі Мәлiк Мырзалин І тоқсан қорытындысы бойынша облыс  экономикасының барлық салаларында әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердiң оң қарқыны қамтамасыз етiлгенiн айтты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Отырыста экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров негiзгi капиталға жалпы инвестиция көлемi 2017 жылғы деңгейден 32,2% артқанын атап көрсеттi. Соның iшiнде сыртқы инвестициялар көлемi өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырған 40% артқан. Ақмола облысы инвестициялардың өсу қарақыны бойынша республикада үшiншi орын алды.

Инвестициялар көлемiнiң өсуi өңiр экономикасының барлық салаларын дамытудың оң қарқын алуына мүмкiндiк бердi, құрылыс жұмыстарының көлемi 31%-дан аса өстi. Үстіміздегі жылдың бiрiншi тоқсанында 144,4 мың шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берiлдi, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 116%.

Осы көрсеткiштi бұдан әрi жақсарту үшiн жақсы мүмкiндiктер бар. Мысалы, өңiрде жалпы сомасы 9 млрд теңгеге әлеуметтiк саланың 40 объектiсiнiң құрылысын салу жоспарланып отыр. Экономиканың өсiмi жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал еттi.

Экономиканың тұрақты дамуының негiзгi факторларының бiрi тұтыну нарығында құнсыздану үрдiсiне жол бермеу болып табылады. Тұтыну бағаларының индексi өткен тоқсанның қорытындысы бойынша 101,4 пайызды құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу