Ақмола облысында А гепатитінің өсімі тіркелді

437

Жыл басынан бері 6 гепатиттің осы түрін жұқтырған.  

Ақмола облысында А гепатитінің өсімі тіркелді Фото: gocb.by

Ақмола облысында былтырғыға қарағанда А гепатитінің өсімі тіркеліп отыр. Бұл туралы Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz  716.kz порталына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, А вирустық гепатитімен сырқаттанудың өсуі жаз және күз мезгілінде байқалады.

"Жалпы республика бойынша вирустық гепатит бойынша өсім байқалып отыр. Ақмола облысында өткен жылға қарағанда 1,5 есе өсім байқалады. Тіркелген 6 жағдайдың үшеуі – Атбасар ауданында. Бір жағдай Степногорскте болса, екі жағдай – Жарқайың ауданында", - деді Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Спикер аурудың алдын алудың ең тиімді шарасы екпе алу екенін жеткізді.

"Вакцинация екі жылда бір рет жасалады. Ал 6 айдан кейін ревакцинация жүргізіледі. Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша ошақтарда 14 жасқа дейінгі балалар екпе алады. Сырқаттанғандар бойынша жүргізілген талдау көрсеткендей, екпе жасатқанның бірде-бірі ауырмаған", - деп атап өтті спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу