Ақкөл аудандық прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдардың қызметінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң нормаларын сақтау бойынша талдау жүргізілді.
Ақкөл қаласының әкімдігі заң талаптарын бұза отырып, С.Нұрмағамбетов атындағы саябақты абаттандыру жұмыстарын жалпы сомасы 128,3 млн теңгеге веб-порталда сатып алуға қатысты мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіткені анықталды.
Бұл сатып алу заңсыз "бір көзден", яғни бәсекелестік ортадан тыс, тікелей шарт жасасу арқылы жоспарланған.
Қадағалау актісімен жоғарыда көрсетілген сатып алудың күші жойылып, кінәлі лауазымды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, Ақкөл ауданы прокуратурасының шараларымен 128,3 млн.теңге сомасына заңсыз сатып алулардың алдын алды және бизнес субъектілеріне ашық конкурсқа бәсекелестік қолжетімділік қамтамасыз етілді.