Ақмола облысында әйелді пойыз басып кетті

271

Ол теміржолды кесіп өтпек болған.  

Ақмола облысында әйелді пойыз басып кетті Фото: rail-news.kz

Алайда әйелді пойыз басып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға жол қозғалысы қағидаларын бұзу салдарынан болған.

Әйел түрлі дене жарақатымен облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оны құтқара алмады.

Оқиғаға байланысты Көліктегі полиция департаменті тергеу жұмыстарын бастады.

"8 қаңтар күні Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімі теміржол көлігін пайдалану және қозғалыс қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкелу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр, тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу