Ақмола облысында әкесі мен қызы иіс тиіп, қайтыс болды

1148

Ақмола облысында әкесі мен қызы иіс тиіп, қайтыс болды

Ақмола облысы Малиновка ауылында газдан екі адам уланып, көз жұмды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Оқиға жеке үйлердің бірінде орын алған. 1943 жылы туылған ер адам мен оның 1978 жылғы қызы иіс тиіп, қайтыс болды. Олардың денесін көршілері көріп, хабарлаған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға пештің бықсып жануы себеп болған. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде", - дейді полиция департаментінен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу