Аудандық әкімдікте аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы төбелесіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 2024 жылғы мамырда болған. Шенеуніктер әкімдік ғимаратында ауызша жанжалдасқан, кейін ол төбелеске ұласқан.
Шілдеде Ақмола облысы Шортанды аудандық соты бір-бірінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарады.
Сотта жанжалға түскен тараптар кінәларын мойындамады.
"Сот қаулысымен сотталушылар ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 55 380 сомасында айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды", - деді сот.