Өтініш берушіге үшінші тұлға тарапынан күш қолдану қатері және ақша беру талаптары қойылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Жарқайың ауданының прокуроры Олжас Уәлиевтің жеке қабылдауына үмітін үзген азамат жүгініп, өзінен ақша бопсалау фактісі туралы хабарлады.
Бопсалаушы ақша қаражатын беруді талап етіп, "күш қолданамын" деп қорқытқан.
Прокурор тарапынан шұғыл түрде шаралар қабылданып, ең алдымен аталған дерек бойынша қылмыстық іс СДТБТ-ға тіркелді. Тергеу барысында қылмыскердің кінәсін дәлелдейтін қажетті айғақтар жиналып, іс сотқа жолданды.
Өз кезегінде сот қылмыстық істің материалдарын зерттеп, айыптау тарапымен келісіп, заңды күшіне енген үкім шығарды, – делінген хабарламада.
Прокурордың жеке қабылдауы азаматтардың құқығын қорғаудың тиімді тетігі болып қала бермек.