Ақмола облысында алаяқтар 1 аптада 18 тұрғынды алдап кеткен

194

Шығын көлемі 20 млн теңгені құрады. 

Ақмола облысында алаяқтар 1 аптада 18 тұрғынды алдап кеткен Фото: dauletten

Әлі күнге дейін интернет-сайттардағы және әлеуметтік желілердегі жоқ тауарларды сату және әртүрлі қызметтерді ұсыну туралы хабарландырулар, банктер мен құқық қорғау органдарының жалған қызметкерлерінің ақшалай қаражатты немесе салымды "қауіпсіз шотқа" аударуды ұсынатын қоңыраулары алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдері болып табылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ағымдағы аптада облысымыздың 18 тұрғыны интернет-алаяқтықтың құрбаны болып, оларға 20 млн теңгеден астам шығын келтірілді.

Ұялы байланыс операторының SIM-картаның мерзімін ұзарту мәселесі бойынша қоңырау шалу фактісі тіркеліп, содан кейін алаяқ сілтеме жіберіп, ұялы телефонға қол жеткізіп, несие рәсімдеген.

Сондай-ақ, зейнеткердің алдау орын алып, оған белгісіз адам қоңырау шалып, өзін баласы ретінде таныстырған және екі жақтан банк картасының суретін жіберуді, телефон нөміріне келіп түскен құпия сөзді айтуын өтінген.

Әңгіме нәтижесінде зейнеткерге ақшалай несие рәсімделген.

Облыс прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, сатушының сенімділігіне көз жеткізбестен тауар үшін алдын ала төлем жібермеуге, қоңырау шалушыларға сенбеуге, өздерінің жеке мәліметтерін бейтаныс адамдарға бермеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу