Ақмола облысында алимент бойынша 3,3 млн теңге берешек өндірілді

401

Міндеттемесін орындаудан жалтарған борышкерлер жауапкершілікке тартылды.    

Ақмола облысында алимент бойынша 3,3 млн теңге берешек өндірілді Фото: Судебный репортаж

Ерейментау ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау және алимент өндіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның бастамасымен жеке сот орындаушысымен бірлесіп, алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін ұзақ уақыт бойы орындамай келген борышкерлерге қатысты рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара нәтижесінде кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 3,3 миллион теңге көлеміндегі алимент берешегі өндірілді.

Сонымен қатар алимент бойынша берешекті өтеуден қасақана жалтарған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура өкілдері борышкерлерді алимент төлемдерін уақытылы өтеуге шақырып, бұл міндеттемені орындамағаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу