Ақмола облысы Біржан Сал ауданында алимент төлеуден қасақана жалтарған ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Прокуратураның мәліметінше, борышкердің алимент төлеуге мүмкіндігі бола тұра, 7 жылдан астам уақыт бойы өз міндетін орындамағаны анықталды. Салдарынан оның қарызы 1 миллион теңгеден асып кеткен.
Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.
Заң бойынша алиментті үш айдан астам төлемегендер екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.