Ақмола облысында алимент төлеуден жалтарған ер адам бас бостандығынан шектелді

263

Борышкер былтырдан бастап балалары алдындағы жауапкершіліктен қашқан.

Ақмола облысында алимент төлеуден жалтарған ер адам бас бостандығынан шектелді Фото: freepik

Ақмола облысында балаларына алимент төлемей жүрген ер адам 1 жылға бас бостандығынан шектелді, деп жазады inbusiness.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астрахан ауданы прокуратурасының прокуратурасының араласуынан кейін биылғы үшінші тоқсанда 2 борышкерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

"Борышкерлер кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден әдейі жалтарғаны анықталды. Мысалы, борышкер "Н" 2022 жылдан бастап алимент төлемеген. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде аудандық соттың қаулысы бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 1-бөлігімен бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған соң өзіне тиісті қорытынды шығармай, кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден жалтыруды жалғастырған", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты борышкерге айыптау үкімі шығарылды. Сот ер адамды 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және жазаны өтеудің барлық мерзіміне мәжбүрлі еңбек түрінде жаза тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу