Ақмола облысында бірнеше ауыл тұрғындарын ауызсусыз қалдырған үлкен апаттың салдары жойылды, деп хабарлайды ТЖ департаменті.
"Апаттың салдары жойылды", – деді "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне ведомстводағылар.
Белгілі болғандай, магистральдық су құбыры жарылып, Жантеке, Майшұқыр, Абай ауылдары, Қорғалжын және Егіндікөл кенттері халқы сусыз қалған болатын. Сондай-ақ Ерейментау ауданына қарасты Ақмырза ауылында да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бұл ауылда да 200 тұрғын тіршілік нәрінен тарығып қалған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу