Ақмола облысында Аршалы ауылының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді

4280

Тергеу амалдары басталды.

Ақмола облысында Аршалы ауылының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді

Ақмола облысы Аршалы ауылының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"12 қазан күні 13:52-де Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне елдімекен тұрғыны қоңырау шалған. Ол  үйдің ауласында көршісінің ес-түссіз жатқанын хабарлады. Аршалы ауылының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберген", –
деп жазылған полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полицияның мәліметінше, суицид туралы хат табылмады. 

Ер адам Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелердің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрды.

"Өз-өзіне қол жұмсау себебі әзірге белгісіз, марқұмның несиесі болмаған. ҚР ҚК 105-бабы бойынша (суицидке дейін жеткізу) тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу