Ақмола облысында астық қабылдау кәсіпорны іске қосылады

2211

Сыйымдылығы 19 мың тонна болатын астық қабылдау орталығы құрылысының құны 800 миллион теңгені құрайды.

Ақмола облысында астық қабылдау кәсіпорны іске қосылады

"Көкше Престиж Бидай" ЖШС осы жылдың соңында Ақмола облысында астық қабылдау кәсіпорнын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

Сыйымдылығы 19 мың тонна болатын астық қабылдау орталығы құрылысының құны 800 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта теміржол салу мен көпірді жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

 Элеватор Көкшетауда орналасады.

"Көкше Престиж Бидай" ЖШС 2013 жылы құрылған. Компанияның негізгі қызметі – астық, тұқым және мал азығын көтерме саудалау; астықты жинау және сақтау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу