Ақмола облысының құтқарушылары астық қоймасындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Есіл ауданының әкімшілік орталығы элеваторларының бірінің астық қоймасында өрт шықты.
Өртті сөндіруге Есіл ауданының гарнизон күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар, ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмылдырылды.
"Жинақталған агроөнімдердің саны анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ", – деді Есіл ауданы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Бауыржан Жолдасов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу