Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан 1 500-ден астам көлік жолда қалды

277

Полицейлер жүргізушілерді "Қазгидромет" хабарламасын тыңдауға және ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырды.

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан 1 500-ден астам көлік жолда қалды Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысында ауа райы жүргіншілерге қолайсыздық туғызып, жолаушылар жолда қалды. Полицейлері 1 500-ден астам көлікті діттеген жеріне жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, температураның төмендеп, аздаған жауын-шашын болып, жол көктайғақ болуына байланысты екі республикалық тас жолда көлік қозғалысын шектеу туралы шешім қабылданған. 

– Патрульдік полиция бөлімшелері жолда жиналып қалған көлік қозғалысына реттеуге көмектесті. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге колоннада жүру ережелерін, белгіленген жылдамдық пен интервалды сақтау қажеттігін түсіндірді, – делінген хабарда. 

Ақмола полицейлері барлығы 1 000-нан астам жеңіл көлікті, 500-ге жуық жүк көлігін, бір қоғамдық көлікті алып жүрді. "Екатеринбург – Алматы" тас жолының 1 291-1 353 шақырымы, Жібек жолы кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін және "Астана – Ерейментау – Шідерті" тас жолының 159-200 шақырымы, Ерейментау қаласынан бастап Павлодар облысының шекарасына дейін көліктерді жеткізу қажеттілігі туындаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу