Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Атбасардан 20 шақырым жерде "Екатеринбург-Алматы" тас жолында болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, DAF автокөлігінің жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, Державинскінің 51 жастағы тұрғыны басқарған "Ваз-21214" автокөлігімен соқтығысқан. Соңғысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы") бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталды. Сараптама тағайындалды.
DAF көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.