Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өндірісі қарқындап келеді

1673

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өндірісі  қарқындап келеді

Ақмола облысы елімізде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша алдыңғы орынға шықты. Бұл туралы әкімдік отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғажаров мәлімдеген.

"Осы жылдың 9 айының нәтижесіне сәйкес Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 248,4 млрд теңге, индексі 113,1%  болды және аймақ республикада бірінші орынға шықты. Бүгінде 13,2 ц/га орташа өнімнен 5,6 млн тонна дәнді және бұршақ дақыл, майлы дақылдар 9,1ц/га өнімнен – 128,8 мың тонна жиналды", – деді Б. Малғажаров, деп жазады BNews.kz.

Аймақта картоп өсіруді дамыту жұмыстары қатар жүріп жатыр.

"Биыл 258,3 мың тонна картоп жиналды. Облыста жалпы сыйымдылығы 71,6 мың тонна болатын 54 арнайы қойма бар. Картопты сақтауға байланысты мәселе жоқ", – деді шенеунік.

Аймақ өзінің және елорданың ішкі қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп отыр. Өнімнің бір бөлігін басқа өңірлерге шығарады.

"Mал шаруашылығында ірі қара малдың саны 3,1%-ға көбейді. 69,2 мың тонна ет, 299 мың тонна сүт және 565,4 млн дана жұмыртқа өндірілді", – деп атап өтті басқарма басшысы.

Айта кетейік, Астана айналасындағы азық-түлік белдеуі аясында биыл 8,9 млрд теңгенің 11 жобасы іске асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу