Ақмола облысында ауылдардың атауы қазақшаланады

609

Облыстық мәслихат бұл шешімді қабылдады

Ақмола облысында ауылдардың атауы қазақшаланады

 

Ақмола облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады. Облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы "Ашық НҚА" сайтында жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округінің Самарқа ауылын Бөріктал ауылы, Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауылы Амантай ауылы, Мариновка ауылдық округін Амантай ауылдық округі деп қайта атау мақұлданды.

Карамышев ауылдық округі Шұбарағаш ауылдық округі болып өзгереді. Ермол ауылдық округі Тоқтамыс ауылдық округі, ал Купчановка ауылы Байтас ауылы деп аталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу