Ақмола облысында автожолдарға 11 блокпост қойылды

889

Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің облыстағы рекреациялық және курорттық аймақтарда карантиндік іс-шараларды күшейту туралы қаулысы шыққан болатын.  

Ақмола облысында автожолдарға 11 блокпост қойылды

Ақмола облысының аумағында блокпостар тәулік бойы қайтадан жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

Аймақта коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін 24 шілде күні 00:00-ден бастап Ақмола облысында карантиндік шаралар енгізілді, ол локдаун аяқталғанға дейін әрекет етеді.

Бурабай ауданы ерекше бақылауда болады, мұнда 6 пост бар, 7 мобильді топ жұмыс істейтін болады. Зеренді және Ерейментау аудандары да кіретін жол жабылады. Мұндағы бақылау-өткізу пунктері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аймақ аумағында 11 блокпост пен 10 мобильді топ жұмыс істей бастайды. Мұнда 100-ге жуық полиция қызметкері қызмет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу