Ақмола облысында балабақша қаражатын жымқыру дерегі анықталды

226

Прокуратура тексерісі барысында балабақша есепшісі қызмет пен тауарларға бөлінген 9 миллион теңгені өз шотына заңсыз аударғаны анықталды. 

Ақмола облысында балабақша қаражатын жымқыру дерегі анықталды Фото: canva.com

Ақмола облысы, Жақсы ауданындағы "Болашақ" балабақшасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастап, істі әрі қарай тергеу үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу