Ақмола облысында балабақшада қыз бала көз жұмды

337

Алдын ала мәлімет бойынша бала жүрек талмасынан қайтыс болған.

Ақмола облысында балабақшада қыз бала көз жұмды Фото: inbusiness.kz

Бүгін Бурабай ауданында балабақша тәрбиеленушісі кенеттен көз жұмды. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі

Айта кетсек, әлеуметтік желіде желдей есіп жүрген ақпаратта қайтыс болған қыз баланың жасы алтыда екені жазылған. Алдын ала мәлімет бойынша бала жүрек талмасынан қайтыс болған.

"Бурабай ауданындағы балабақшалардың бірінде жас баланың қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп түсіндірді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу