Ақмола облысында балалар орталығы пайдаланылмаған қызмет үшін 40 мың теңгені қайтарды

285

Бала орталыққа бір апта ғана барған.

Ақмола облысында балалар орталығы пайдаланылмаған қызмет үшін 40 мың теңгені қайтарды Фото: total.kz

Ақмола облысында балалар орталығына алдын ала төленген ақшасын қайтара алмаған тұрғын Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде оған пайдаланылмаған қызметтер үшін 40 мың теңге толық қайтарылды.

Ведомство мәліметінше, ата-ана 2026 жылдың қыркүйегінде баласын жеке оқыту орталығына апару үшін 40 мың теңге төлеген. Алайда бала орталыққа тек 1-7 қыркүйек аралығында барған.

Кейін қызмет сапасына көңілі толмаған әрі баласының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-ана орталыққа баруды тоқтатқан. Ол пайдаланылмаған күндер үшін ақшаны қайтаруды сұрағанымен, орталық өкілдері бірнеше рет уәде бергеніне қарамастан, қаражатты қайтармаған.

Сонымен қатар тараптар арасында қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалмаған. Орталықтың қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер туралы мәлімет те берілмеген.

Осыдан кейін тұрғын департаменттен көмек сұраған. Өтінішті қарау нәтижесінде 40 мың теңге толық көлемде қайтарылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу