Ақмола облысында балалар отырған микроавтобус апатқа ұшырады

286

Бір адам қаза тапты.

Ақмола облысында балалар отырған микроавтобус апатқа ұшырады Фото: google.com

Ақмола облысында балалар отырған микроавтобус жол апатына ұшырады. Салдарынан бір адам көз жұмып, 15 жолаушы ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Департаменттің мәліметінше, жол апаты 4 желтоқсан күні "Көкшетау-Атбасар" тас жолының 128 шақырымында болған.

Анықталғандай, "Mercedes-Benz Sprinter" көлігінің 62 жастағы жүргізушісі қар тазалайтын көліктен айналып өту кезінде жолдың қарсы бағытында келе жатқан "Nissan Primera" көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал 15 жолаушы оның ішінде 7 бала түрлі дене жарақатымен Сандықтау аудандық ауруханасына жатқызылды. 

"Қазіргі кезде "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу дерегі" бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, бірқатар сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу