Ақмола облысында балаларын аяусыз ұрған әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды

166

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Ақмола облысында балаларын аяусыз ұрған әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды Фото: видео скриншот

Ақмола облысындағы Атбасар қаласында ер адам балаларды көлігінен шығарып, шыбықпен аяусыз ұрып жатқаны көрсетілген видео тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кадрларда ер адам алдымен көлігін тоқтатады. Кейін терек бұталарын жұлып алып, көлігінен балаларды шығарып әрбірін ұра бастаған. Балалардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты Ақмола облысының полиция департаменті растады.

"Бұл факт Атбасар аумағында орын алды. Полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 109-бабы "Ұрып-соғу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бйнежазбадағы адамды анықтау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу