Ақмола облысында баласына қан құйғызудан бас тартқан ата-ана перзентінен айырылды

Тергеу амалдары басталды. 

Ақмола облысында баласына қан құйғызудан бас тартқан ата-ана перзентінен айырылды Фото: Mir24

Ақмола облыстық балалар ауруханасында ата-анасы науқас сәбиіне қан құйғызудан бас тартқан деп хабарлайды inbusiness.kz

"Жағдайы күннен-күнге нашарлап, балаға қан компоненттерін құю керек болды. Бірақ ата-анасы діни жағынан бұған түбегейлі қарсы болды. Олар "Свидетели Йегова" бағытында жүрген адамдармыз, біздің дін бойынша қан компоненттерін құю өмірді құюмен тең деп, бас тартты. Салдарынан жасы екіге толмаған сәби көз жұмды", – деп хабарлады Ақмола облысы балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Маржан Махашева. 

Сәбидің халі ауыр болған. Екі өкпесі қабынып, арнайы аппараттан тыныстап комада жатқан.

Бұл дерек бойынша Ақмола облысы полиция департаменті тергеу амалдарын бастады, қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу