Ақмола облысында басқармаларға басшылар тағайындалды

1000

Ақмола облысында басқармаларға басшылар тағайындалды

Ақмола облысында бірқатар басқармалардың басшылары ауысты. Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлады.

Бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен әкімдік отырысы өтіп, онда облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуының тоғыз айдағы қорытындысы шығарылды. Отырыста облыс әкімі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың жаңа басшыларын таныстырды. 

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің үстіміздегі жылғы 19 қазандағы өкімімен Ербол Амангелдіұлы Оспанов – кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына, Берік Лухманұлы Мұстафин еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға басшы болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу