Ақмола облысында бензиннен уланған 14 жасар бала көз жұмды

596

Ақмола облысында 14 жасар жасөспірім бензинге уланып, көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.  

Ақмола облысында бензиннен уланған 14 жасар бала көз жұмды

Бұл туралы маусымның 8-де сағат 15:00-де Бұланды аудандық полиция бөліміне аудандық аурухананың медбикесі телефонмен хабарлап айтқан.

"Медбикенің сөзінше, 2008 жылы туған жергілікті тұрғын "бензиннен улану" диагнозымен медицина мекемесіне жеткізілген. Жасөспірім ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиға орнын тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді ведомстводан.

Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, полиция қызметкерлері ықтимал куәгерлерден сұрап, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соның қорытындысы бойынша процессаулдық шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу