Ақмола облысында бес жасар бала терезеден құлап кетті

414

Қайғылы оқиға аймақтағы ауылдардың бірінде, жеке үйде болды.

Ақмола облысында бес жасар бала терезеден құлап кетті Фото: polisia.kz

Ақмола облысында бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

9 тамыз күні Аршалы ауданының полиция бөліміне ауылдық округ фельдшерінің ЖБМЖ, МШ, кеуде қуысының жарасы, сол жақтағы жіліншіктің жабық сынуы диагнозымен 5 жастағы бала дәрігерлік амбулаторияға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бес жасар баланың үйде әкесімен бірге болғандығын және қайғылы оқиғаға дейін киім ауыстыру үшін үйдің 2 қабатына көтерілгенін анықтады. Өз бөлмесінде кәмелетке толмаған бала терезеден қараймын деп абайсызда құлап кеткен.

Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жеке үйлерде полиция қызметкерлері жас балаларды терезелері ашық бөлмелерде қараусыз қалдырмауды сұрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу