Бүгінде бидайды терең өңдейтін зауыт құрылысы пысықталды. Өңір басшысының айтуынша, зауыт Аршалы ауданында салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бидайды терең өңдеуге мүмкіндік беретін меморандумға қол қойғалы отырмыз. Бидайды терең өңдеп, оны Қытай басқа да елдерге жеткізетін жоба. Келісім аясында 650 млн доллар инвестиция тарту күтіледі және 1 мың жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыратын орны белгіленіп, пысықталды, келер жылы зауыттың құрылысы басталады деп жоспарланып отыр", – деді Марат Ахметжанов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу